Шымкентте туристік индустрия мамандарына арналған кәсіби семинар-тренинг өтуде

2025 жылғы 29–31 шілде аралығында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қонақ үй және қоғамдық тамақтану саласының әкімшілері мен гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинар-тренингі өткізілуде,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларға қонақжайлылық индустриясында табысты қызмет атқару үшін қажетті кәсіби дағдылар мен практикалық білім беру. Семинар бағдарламасы сала мамандарына өз тәжірибелерімен бөлісетін, халықаралық деңгейде танылған спикерлердің қатысуымен өтуде.

Семинар спикерлері қатарында:
• Диана Урманова – Sheraton, Hilton Hotels және Emirates Airline сынды халықаралық компанияларда еңбек еткен, 25 жылдан астам тәжірибесі бар қонақ үй бизнесі жөніндегі сарапшы, ICBT халықаралық мектебінің сертификатталған бизнес-тренері.
• Александр Юрьевич Машков – қоғамдық тамақтану саласы бойынша PhD, сервис және қонақжайлылық индустриясы саласындағы сарапшы, 16 жылдан астам тәжірибесі бар ментор әрі тренер.
• Евгений Зальберг – гидтер мен турлидерлерді даярлау саласындағы маман, клиентке бағдарланған қызмет көрсету, қиын жағдайларда жұмыс істеу, туристік өнімдерді дербестендіру және жергілікті қауымдастықтарды тарту мәселелері бойынша тәжірибелі тренер. Ол АҚШ-тың Бостон қаласындағы Grand Circle Corporation компаниясында 12 жыл қызмет атқарып, түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Сонымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Швейцария елдерінде семинарлар өткізген.

Аталған семинар туристік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және өңірдегі туризм индустриясының дамуына өз үлесін қосады деп күтілуде.

x

Check Also

Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған еңбек жәрмеңкесі өтті

Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...