Шымкентте құтыруға қарсы екпе тегін жасалады

Құтыру – жануардан адамға жұғатын және орталық нерв жүйесін зақымдайтын аса қауіпті жұқпалы ауру. Құтыруға шалдыққан жағдайда аурудың соңы өлімге әкеледі. Аурудың қоздырғышы ит, қасқыр, түлкі, қарсақ сияқты аңдар арқылы таралады.

2025 жылы Шымкентте жануарлардан жарақат алған 1294 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 жағдайға көп. Қалада иесіз ит-мысықтарды аулау жұмыстары жалғасуда — биыл 20127 ит пен 64 мысық залалсыздандырылған.

Құтырудан сақтанудың ең тиімді жолы — антирабикалық вакцина. Қала тұрғындарына құтыруға қарсы екпе тегін жүргізіледі. Әл-Фараби ауданына қарасты №2 қалалық аурухана (Жандосова көшесі №92 үй) жануар тістеген немесе жарақаттаған жағдайда алғашқы медициналық және вакцина көмегін көрсетеді.

Мамандар күдікті жануарлардан балаларды аулақ ұстауға, ит-мысықты мал дәрігеріне тексертіп, дер кезінде вакцинациялауға шақырады. Жарақат алған жағдайда жараны сабынды сумен жуып, антисептикпен өңдеп, дереу дәрігерге қаралу керек.

Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...