Шымкентте 9693 бала жазғы лагерьмен қамтылады

2025 жылы Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен шілде-тамыз айларында 9 693 баланы жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл бастама ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік 5 санатқа жататын балаларды сауықтыру және тиімді демалыспен қамтамасыз етуге бағытталған.

Балалар демалысын Машат-Арасан, Бекзат Саттарханов атындағы лагерь, Қарлығаш, Үш бұлақ, Таң-Шолпан, Көктөбе, Айсанар сынды қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде өткізуде.

2025 жылғы 16 шілдедегі жағдай бойынша жазғы демалыспен 3 131 бала қамтылды. Қалған балаларды кезең-кезеңімен лагерьлерге жолдау жалғасып жатыр.

Лагерьлерде балалар тек демалып қана қоймай, түрлі тренингтер мен қызықты ойындар арқылы жаңа дағдылар қалыптастырып, командалық жұмысқа үйренеді. Жазғы демалысты ұйымдастыруда
балалардың қауіпсіздігі; сапалы тамақтануы; медициналық қызметпен қамтамасыз етілуі; бос уақытын тиімді өткізу сынды мәселелер басты назарда.

Бұл жұмыстардың барлығы балалардың денсаулығын нығайтып, жаңа оқу жылына сергек әрі дайын оралуына жағдай жасайды.

x

Check Also

Шымкент: Қаратау ауданында жаңа гүлзар мен спорт алаңшасы халық игілігіне пайдалануға берілді

Қаратау ауданына қарасты Шапырашты тұрғын алабында гүлзар мен спорт алаңшасының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Бұл нысандар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы ...

Шымкент қаласында ТЖД қызметкерлеріне жаңа техника мен тұрғын үй кілттері табысталды

Шымкент қаласында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне заманауи өрт сөндіру техникалары, қызметтік киімдер мен жаңа пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі ...