Шымкент: Түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін бақылау бойынша құқық қорғау органдары рейд жүргізді — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Түнгі уақытта балалардың қауіпсіздігін бақылау бойынша құқық қорғау органдары рейд жүргізді

Шымкент қаласы Әл-Фараби және Тұран аудандарында құқықтық тәртіпті нығайту және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби ауданы прокуратурасы, Шымкент қаласы Полиция департаменті, аудан әкімдіктері мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейд барысында мамандар жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бермеуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, ҚР заңнамаларының талаптарын түсіндіру мен сақталуын бақылау ерекше назарға алынды.

Әл-Фараби ауданы бойынша Арбат демалыс аймағы мен ойын-сауық нысандарында жүргізілген рейд нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 441-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орында темекі өнімдерін тұтынған бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі бойынша тағы бір тұлға жауапқа тартылды.

Тұран ауданы бойынша Alligator және Top E-Sports Arena ойын-сауық орындарында жүргізілген рейдте де екі әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 441-бабы 1-бөлігі бойынша темекі өнімдерін қоғамдық орында тұтынған бір азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта жүрген бір тұлға жауапкершілікке тартылды.

Рейд барысында жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына заң талаптары түсіндіріліп, ескерту парақшалары таратылды. Жастар инспекторлары мен әлеуметтік қызметкерлер тарапынан кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Бұл профилактикалық рейдтер жасөспірімдердің бос уақытын қауіпсіз әрі тиімді өткізуіне жағдай жасау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қала аумағында тұрақты түрде ұйымдастырылып отырады.

x

Check Also

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...

В Шымкенте индустриальная зона «Жұлдыз» получила железнодорожную инфраструктуру

В индустриальной зоне «Жұлдыз» города Шымкент завершено строительство железнодорожного тупика, предназначенного для обслуживания расположенных здесь промышленных предприятий. С результатами выполненных ...