Шымкент қаласында электр энергиясын тұтыну бойынша уақытша шектеулер

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.

2025 жылғы 4 шілдеде ауа райының күрт ысып, температураның жоғарылауына байланысты «KEGOC» аймақтық диспетчерлік орталығының нұсқауымен «ТЭЦ-3»-тің электр энергиясын өндіру көлемі 70 МВт-тан 0 МВт-қа дейін төмендеді. Осыған орай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС желілері арқылы электр энергиясын тұтынуға уақытша шектеу енгізілді.

Аталған шектеулер нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша электр энергиясын тұтыну 10 МВт көлемінде шектелді. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы 4 шілде күні сағат 17:17 мен 19:12 аралығында Забадам, Лесхоз, Ақниет, Ынтымақ, Шұғыла, Игілік, Чапаевка, Тұрлан, Тельман және Оңтүстік шағын аудандарында электр энергиясы уақытша ажыратылды.

Сонымен қатар алдағы уақытта қала аумағында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір аудандарда электр энергиясы ішінара өшірілуі мүмкін.
• Тұран ауданындағы Қазығұрт шағын ауданында ГКТП-580,581 нысандарында 0,4 кВ әуе желісінің 3961 метрін және бағаналарды жаңарту жұмыстары жоспарланған.
• Абай ауданының Қайтпас шағын ауданында КТП-УВД және КТП-227 нысандарында 5849 метр әуе желісін және бағаналарды ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
• Әл-Фараби ауданы бойынша Тәуке хан көшесіндегі РП-17 нүктесінде 0,4 кВ жер асты кабелін жаңарту жұмыстары қолға алынған.

Қала әкімдігі тұрғындардан аталған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Электрмен жабдықтау сапасын арттыру үшін алдағы уақытта да жаңғырту және жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/sujrChDYm8E?si=eM192KeEt3yCjcsw

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...