Шымкент: Бозарық шағын ауданы жаңа тұрғын үйлермен толығуда — Xnews — ақпарат агенттігі

Шымкент: Бозарық шағын ауданы жаңа тұрғын үйлермен толығуда

Бозарық шағын ауданында 1918 пәтерді қамтитын 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жыл соңына дейін 16 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда көпқабатты үйлердің аулалары абаттандырылып, көгалдандыру жұмыстары іске асырылуда. Балаларға арналған ойын алаңдары, демалыс аймақтары және жаяу жүргіншілер жолдары орнатылып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалуда.

Бозарық – заманауи инфрақұрылым мен жайлы тұрғын үйдің үйлесімі. Бұл – қала тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер мен сапалы өмір сүру кеңістігі.

Шымкенттің дамуына серпін беретін бұл жоба болашақта мыңдаған отбасылар үшін жылы ұяға айналмақ.

x

Check Also

«Ордабасы» жанкүйерлеріне 1 тоннадан аса палау пісірілді

Шымкентте футбол сүйер қауым үшін ерекше жоба ұйымдастырылды. «Ордабасы» клубының кезекті матчы алдында стадион жанында 1 тоннадан астам палау басылды. ...

Почему в Шымкенте не началось строительство нового театра оперы и балета

Спустя четыре года после поручения Президента к строительству нового театра оперы и балета в Шымкенте пока не приступили. Проект находится ...