Роман Скляр Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды — Xnews — ақпарат агенттігі

Роман Скляр Қытай Халық Республикасының Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ҚХР-дың Гуандун провинциясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Сапардың басты іс-шарасы ретінде Гуандун провинциясы партия комитетінің хатшысы Хуан Куньминмен және Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесулер өтті.

Оның барысында Гуандун провинциясы және Шэньчжэнь қаласымен өнеркәсіп, инвестициялар, «жасыл» үлгідегі жер қойнауын пайдалану, ғылыми-технологиялық инновациялар саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары талқыланды.

Хуан Куньминмен әңгімелесу кезінде Роман Скляр Гуандун провинциясы Қытай аймақтары арасында өнеркәсіптік және инновациялық салаларда мойындалған көшбасшы экономикаға ие екенін атап өтті.

Экономиканың басым секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ индустриялық даму және экономиканы цифрландыру саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында металлургия, жоғары технологиялар және машина құрастыру саласындағы қытайлық көшбасшы компаниялармен бірқатар кездесулер өтті.

Автомобиль құрастыру, көмір өндіру және тұрмыстық электроника өндірісі саласында Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан үшін маңызды басымдық – өнеркәсіпті дамыту екенін атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестік орнатуға шақырды.

Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстанға сенімді серіктес ретінде қызығушылық танытты.

Роман Скляр, сонымен қатар, Гонконг пен Макаоның арнаулы әкімшілік аудандары, Гуанчжоу, Дунгуан және Шэньчжэнь қалалары кіретін «Үлкен шығанақ» агломерациясындағы экономикалық ынтымақтастық аймақтар мен инновациялық орталықтармен танысты.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

Сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшелерінің ұстанымын Ұйымдағы дағдарыстың басты себептерінің бірі ретінде атады – Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау туралы ...

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

– Жаһандық көшбасшылар, әлемнің әр қиырындағы жекелеген мемлекеттердің жетекшілері, ең алдымен, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет деп ...