Құрылысшы – болашақтың іргетасын қалаушы

Қалалар аспанмен таласқан зәулім ғимараттарымен, сәулеті келіскен көпірлерімен, жайлы үйлерімен көркейіп жатса – ол құрылысшы еңбегінің жемісі. Құрылысшы – тек қабырға тұрғызушы емес, ол – арманды шындыққа айналдыратын, ел ертеңін бейнелейтін маман.

Бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, шынайы еңбекқорлық пен төзімділікті талап етеді. Әр кірпіш – маңдай термен өрілген сенімділік, әр сызба – ел болашағына салынған жол.

Құрылысшы мамандығын таңдау – Отанды өркендетуге қосқан нақты үлес. Себебі құрылыс – дамудың тірегі, тұрақтылықтың кепілі.

2025 жыл – Жұмысшы мамандықтарының жылы! Бұл – құрылысшыларға, шебер қол иелеріне деген зор алғыс пен құрмет жылы.

Келешек ұрпаққа берік негіз қаласақ, оны дәл осы құрылысшы мамандығының қадірін арттырудан бастайық!

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеген еді.
«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», — деді Президент.

x

Check Also

2025 — Жұмысшы мамандықтар жылы: Гүл өсіруші бағбан — сұлулық пен сабырдың иесі

Ол таңды құстар әнімен емес, гүл суарумен қарсы алады. Табиғаттың тынысын тыңдап, әр бүршіктің ашылуын жүрегімен сезінеді. Гүл өсіруші бағбан ...

Год рабочих профессий: в два раза увеличилось число предприятий, сотрудничающих с колледжами по дуальному формату

В Щучинске стартовал Республиканский слет студентов организаций технического и профессионального образования. Более 100 активных и перспективных ребят со всех регионов ...