Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жасыруға неге тыйым салынады: полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Полицейлер азаматтарды қоғамдық орындарда адамның түр-сипатын тануға кедергі келтіретін киімдерді киюге тыйым салуды көздейтін заңнамадағы өзгерістер туралы ақпараттандыру жұмыстарын бастады. Заңдағы жаңа норма 12 шілдеден бастап күшіне енді, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Заңнамаға енгізілген өзгерістердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, соның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау», – деп түсіндіреді тәртіп сақшылары.

Учаскелік инспекторлардың айтуынша, тыйым адамның бет-жүзін толықтай жауып, тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киім түрлеріне қатысты. Мысалы бетперде, никаб сияқты киімдер. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира секілді киімдерға бұл норманың қатысы жоқ.

Бұл тыйым ауа райының жағдайына, медициналық көрсеткіштерге байланысты қолданылатын киімдерге қатысты емес. Сондай-ақ бұл норма Қазақстан Республикасының заң талаптарын орындау, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді орындау, азаматтық қорғау, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысатын адамдарға қолданылмайды.

Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары түсіндіру жұмысы аясында азаматтарға өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шаралары туралы айтты. Атап айтқанда, полицейлер интернет-алаяқтардың алдау тәсілдері жөнінде ақпарат беріп, мұндай айлаға көбіне адамдардың қалай тап болатынын түсіндірді.

Қосымша ақпарат. ҚМДБ никабқа тыйым салу туралы: “Әйелдер бет-жүзін жабуға міндетті емес”

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) бет-әлпетті толық жабатын киімге тыйым салуды қолдады.

Жақында президент қоғамдық жерде бет-әлпетті жасыруға тыйым салатын заңға қол қойды.

ҚМДБ бұл шешім діни сенімдерді шектеуге емес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған дейді.

Жасалған мәлімдемеде олар Құран аяттары мен хадистерге сілтеме жасайды.

Құран аяттары мен хадисте баяндалғандай әйел кісілер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген дейді ҚМДБ.

Сондай-ақ, басқарма заңға түсіністікпен қарауға шақырады.

“Біз еліміздегі мұсылмандардың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды.

Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бекемдейік.”, — делінген КМДБ таратқан хабарда.

x

Check Also

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді. Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның ...

Дроны помогли задержать наркосбытчицу с 2 кг синтетики в Шымкенте

Правоохранители стали всё чаще использовать БПЛА в обеспечении правопорядка. Дроны задействованы в дорожном патрулировании, для контроля на массовых мероприятиях и ...