Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты — Xnews — ақпарат агенттігі

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты.

Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді.

Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.

Бұған дейін Presight (G42) компаниясының Астанадағы кеңсесінің ашылуы аясында Қазақстан Үкіметі мен халықаралық серіктестер арасында суперкомпьютерлік кластер құру жөнінде келісім жасалған болатын. 19 мамырда NVIDIA чиптерімен жабдықталған бұл жүйе елімізге жеткізілді.

NVIDIA H200 – Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер саналады. Бұл жай ғана «ақылды машина» емес, жаңа экономикалық дәуірдің іргетасы.

Суперкомпьютер бір секундта 2 квинтиллион есептеу орындай алады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, осыншама есепті әлемдегі 8 миллиард адам бірігіп шешуге кіріссе, оған төрт күннен астам уақыт кетер еді. Ал Қазақстанның жаңа суперкомпьютері бұл есептеулерді небәрі 1 секунд ішінде орындай алады.

Рейтинг бойынша әлемдегі ең көп суперкомпьютері бар ел – АҚШ (175 жүйе), одан кейін Қытай (47) мен Германия (үшінші орын). Бұл елдер жоғары өнімді есептеу жүйелерін ғылым, қорғаныс, медицина және технологиялық зерттеулер үшін кеңінен пайдаланады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...