Қаланың инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша аппарат мәжілісі өтті

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшыларының қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы талқыланды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, Жайлы ортаны дамыту, Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.

Атап айтқанда, аудандарда жол құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қаланың ішкі көшелерінде асфальт төсеу, жолдарды қалпына келтіру шаралары жүйелі түрде жалғасуда. Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жаңа ойын және спорт алаңшалары, гүлзарлар халық игілігіне берілуде.

Жаңадан бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерді электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында үш мекенжайда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

Көше қиылыстары мен жол жиектеріне раушан, қызғалдақ және біржылдық гүлдер отырғызылып, көріктендіру жұмыстары жалғасуда. «Отбасы аллеясы», «Этно», «Жеңіс» саябақтарында балалар ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, С.Бәйтереков атындағы гүлзарда, «Алатау» және «Абай» саябақтарында да балаларға арналған алаңдар іске қосылды.

Су нысандарының жағдайын жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, «Қошқар-ата» өзенінің жағалауын абаттандыру, «Кәусар» каналының бірінші және екінші кезеңі, «Ақсай-Қарабастау» каналы мен «Ақжар» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, каналдарды механикалық тазалау жұмыстары тұрақты түрде іске асырылуда.

Мәжіліс қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...