Өзекті мәселелерді шешу жұмыстары жүйеленді

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев ауданға қарасты Бөржар ауылдық округіне арнайы барып, аумақтың инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың ұсыныс-тілектерін орындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды қадағалады.

Ең алдымен қадағаланған негізгі шаруа – таза су мәселесі болды. Ауылдағы су мұнаралары мен сусорғылардың, жалпы ауызсу жүйесінің ағымдағы жағдайы назарға алынды. Аталған мәселе бойынша барлық тараптардың ұсыныстары сарапталып, жауапты қызметкерлер мен мердігерге нақты әрі жүйелі тапсырмалар берілді.

Сонымен бірге, ауылдың басқа да инфрақұрылымдық мәселелері сараланды. Аялдамаларды жаңарту, трансформатор орнату, бағаналарды ауыстыру сынды жұмыстар жоспарға енгізілді.

Қорытындылай келе, атқарылып жатқан жұмыстар уақтылы әрі сапалы, рет-ретімен жүргізілуі үшін жұмыс барысы қатаң бақылауда болатыны ескертілді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...