Ордабасы: бидай орағы басталды

Ауданымыздағы Бөржар ауыл округіндегі «Ынтымақ» өндірістік кооперативінде биылғы егін науқаны басталды. Кооператив төрағасы Талғат Жанысбаевтың айтуынша, аталған шаруашылықта биыл 120 гектар алқапта бидай дақылы бар.

Айта кетсек, ағымдағы жылы жалпы аудан бойынша 27900 гектар алқапқа бидай егілді. Өткен жылмен салыстырғанда бидай алқабы көлемі 250 гектарға артып отыр. Егін орағы қызу жүріп жатыр.

Әр түйір дән үшін тер төккен еңбек даласындағы азаматтарға сәттілік тілейміз!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...

Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын ...