Ордабасы ауданы әкімінің төрағалығымен инвест штаб отырысы өтті

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен «Инвест штаб» отырысы өтті. Инвест штабта аудан аумағында іске асырылып жатқан инвестициялық жоба иелерін және жобаларын іске асыруға ниетті инвесторлардың ұсыныс-пікірлері зерделенді.

Мәжіліс барысында аудан басшысы тиісті сала орынбасары мен қызметкерлеріне әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктері жайлы дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануды сүйемелдеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетсек, аудан аумағында отандық және шет ел инвесторлары арқылы 2025-2026 ж.ж. аралығында құны 18,2 млрд.тг құрайтын 810 жаңа жұмыс орны бар 10 жоба іске қосылады. Іске асырылған жобалардың есебінен 2025 жылдың 6 айында тартылған инвестиция көлемі 25,8 млрд. теңгені құрап, жылдық жоспар 48,6 пайызға орындалды. Ал, алдағы іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Елімізде 2026 жылдан бастап сән-салтанат салығы енгізіледі

2025 жылдың 18 шілде күні ҚР жаңа Салық Кодексі қабылданған болатын. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл ...

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...