Ордабасы ауданы әкімі өндіріс пен егін орағы науқанына баса назар аударды

Аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы жұмыс сапарымен Бадам индустриалды аймағындағы және ауыл шаруашылығы бағытындағы бірқатар нысандарды аралап, өндіріс орындарының жұмыс барысымен және егін ору науқанының жағдайымен танысты.

Сапар барысында аудан басшысы алдымен Бадам индустриалды аймағын таза сумен қамтамасыз ету жағдайын зерделеді. Бұл ретте сусорғы ауыстыру, трансформатор құру, қажетті жұмыс күшін қабылдау мәселелері назарға алынды.

Аудан әкімі алюминий профильдерін өндіретін зауыттың, балалар ойын алаңына арналған бұйымдар шығаратын кәсіпорынның, сондай-ақ фибробетон бағаналар құятын “Береке” кәсіпорынының жұмысымен танысып, инфрақұрылым мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, құрылысы жүріп жатқан қыш зауытына барып, трансформатор орнату қажеттілігі, құжаттандыру рәсімдерін сүйемелдеу сынды өзекті мәселелерді назарға алды.

Аудан басшысы егін ору науқанына ерекше назар аударып, Бадам өндірістік кооперативінің қырманына арнайы барып, шаруалардың басын қосып, олардың нақты ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету, құрғақшылық салдарынан несие мерзімін ұзарту үшін тиісті анықтамалар алу, Керіш каналын бетондау жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтқан шаруаларға нақты қандай қолдау көрсетілетініне тоқталды. Жауапты басшыларға егістік алқаптарына су жеткізу үшін сусорғы орнатып беру қажеттігін тапсырды.

Бұл сапар – өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді көзбен көріп, нақты шешім қабылдау бағытындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы болды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Арыс қаласында жаңа «Келешек мектебі» ашылып, үш мектептің мәселесін шешті

Арыс қаласының Тараз мөлтек ауданында жаңа №2 «Келешек мектебі» өз жұмысын бастады. Заманауи білім ордасының ашылуы қаладағы үш мектептегі орын ...

Аграрлық сектордың жаңа бағыты: Қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция және экспорт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агроөнеркәсіп кешенін кешенді жаңғыртудың жаңа кезеңін таныстырып, саланы қаржыландыру, цифрландыру, инвестиция тарту ...