Мектептерде 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Мектептерде 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады

Білім беру мекемелеріне заманауи аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары, ресми өкіл Сәрсен Құранбек кезекті баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жаңа жүйенің бірнеше артықшылығын атап өткен ол жоба туралы толыққанды ақпарат айтты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Заңнамасына сәйкес, 100 адамнан астам шоғырланатын нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер ретінде тіркеліп, олардың бейнебақылау жүйесі Жедел басқару орталығына тікелей қосылуға тиіс. Қазіргі таңда кейбір мектептерде бұл талап толық орындалмаған. Мәселен, камералар мектептің бір ғимаратында болса, екінші бөлігінде мүлдем жоқ. Мысалы, мектепте оқушының жарақаттану жағдайына байланысты бейнежазбалар болмағандықтан, кей жағдайда себебі анықталмайды. Бұл мәселелерді шешу мақсатында баспалдақ алаңдары сияқты мектептің таса «көлеңке» бөліктеріне де бейнебақылау камералары орнатылады.

Жобаны іске асырушы компания жыл соңына дейін шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде инвестиция салуға тиіс. Жалпы 5,5 млрд теңге үш жылға бөлініп, сервистік қызмет негізінде ай сайын төленеді. Бұл соманы Шымкент қаласы мәслихаты бекітіп, биылғы жылғы қаржысы қарастырылған. Сонымен қатар, келісімшарт бойынша клмпания төртінші жылда тегін қызмет көрсетеді, одан бөлек бес жылға кепілдік береді»,- деді ресми өкіл.

Жоба аясында жалпы саны 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Ал қазіргі таңда мектептерде тұрған бейнекамералардың 2600-і – ескі, техникалық талаптарға сәйкес келмейтін аналогтық жүйелер. Аталған камералар толықтай жаңартылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығуға бейімделеді.

Сәрсен Құранбектің айтуынша, камера орнату кезінде жеке тұлғалардың құқығы да ескерілуде. Мәселен, дәретханаларға камера орнатылмайды, өйткені бұл адамның жеке кеңістігіне қол сұғу болып саналады. Ал оқу кабинеттері – қоғамдық кеңістік, онда оқу процесі өтетіндіктен бақылау камераларымен жабдықталуы жеке басқа қолуға сұғуға жатпайды.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Шымкент қаласында «Таза аула» акциясы: 55 мыңнан астам адам тазалық жұмыстарына қатысты

2026 жылғы 18 сәуірде Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпықалалық тазалық күні өтті. «Таза аула» ...

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

Шымкент қаласында еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өткізді. ...