Медициналық және фармацевтикалық бақылау жүйесіндегі жаңашылдықтар мен бақылау шаралары тұрақты жүргізілуде — Xnews — ақпарат агенттігі

Медициналық және фармацевтикалық бақылау жүйесіндегі жаңашылдықтар мен бақылау шаралары тұрақты жүргізілуде

Шымкент қаласындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты аумақтық бөлімше ретінде денсаулық сақтау саласының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстарды жүйелі түрде атқарып келеді. Департаменттің құрылымында төрт негізгі бөлім жұмыс істейді: медициналық қызметті бақылау, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау, фармацевтикалық қызметті бақылау, сондай-ақ фармацевтикалық инспекторат пен мемлекеттік қызмет көрсету саласы.

Мемлекеттік бақылау саласындағы қызметтер Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі мен денсаулық сақтау министрінің тиісті бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылау бағыттары медициналық көмек көрсету сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы, сонымен қатар есірткі заттарының заңды айналымы секілді маңызды салаларды қамтиды.

Кәсіпкерлік кодекс аясында Департамент тексерудің екі түрін жүзеге асырады: профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер. Профилактикалық бақылау қызмет сапасын арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған болса, жоспардан тыс тексерулер нақты қауіптерді жою мақсатында жүргізіледі. 2025 жылдың бірінші жартысында осындай тексерулер саны 117-ге жетті (өткен жылы – 89), оның ішінде 109-ы азаматтардан түскен өтініш негізінде жүргізілген.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың 6 айында медициналық және фармацевтикалық қызмет бойынша 399 өтініш тіркеліп, оның 102-сі тексеру жүргізу арқылы қаралды. Қалғандары түсіндірме беру, қайта бағыттау немесе кері қайтару жолымен шешілді. Тексерулер нәтижесінде көптеген бағыттар бойынша заңбұзушылықтар анықталып, тиісті шаралар қолданылды.

Айта кетерлігі, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша да нақты әрекеттер қабылданған. Барлығы 112 хаттама толтырылып, нәтижесінде заңды және жеке тұлғаларға 14,9 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл шаралар медициналық қызметтердің сапасын бақылауда ұдайы жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Толығырақ: https://www.youtube.com/live/DJz1ZXpejyw?si=NTJ4dOgme2e501kk

x

Check Also

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Түркістан қаласында өңірдің денсаулық сақтау саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жалғасуда. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының ...

Шымкентте полицейлерден ақша бопсалаған блогер мен екі сыбайласы сотталды

Шымкентте әлеуметтік желіде «Аско» лақап атымен танымал блогер Асқат Балқыбаев пен оның екі сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Үшеуі де ...