Көгалдандыру бойынша Түркістан мен ҚХР қалалары арасында келісімшарт жасалды

Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес, қаланың көгалдандыру жұмыстарын ғылыми негізде жетілдіру және тиімді тәжірибе енгізу мақсатында Түркістанның климатына ұқсас Қытай Халық Республикасының қалаларына арнайы іссапар ұйымдастырылды.

Іссапар барысында қаланың көгалдандыруына жауапты мамандар Үрімші, Тұрпан, Қорла және Ақсу қалаларында жерсіндірілген ағаш және өсімдік түрлерін зерттеді. Нәтижесінде Түркістан қаласына бейімделген ағаш көшеттерін жеткізу бойынша алдын ала келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар шөл және шөлейт аймақтарға арналған тыңайтқыштарды шығаратын зауыт басшыларымен екіжақты кездесулер өтіп, қажетті агрохимиялық өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі келісілді. Қытай еліндегі тұқымбақтардың жұмысымен танысу барысында қытайлық кәсіпкерлер Түркістан аумағында ағаш және гүл тұқымдарын өсіретін арнайы тұқымбақтар құруға ниет білдірді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...