Кәсіпті дұрыс таңдау – береке бастауы — Xnews — ақпарат агенттігі

Кәсіпті дұрыс таңдау – береке бастауы

Соңғы жылдары еліміздің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымы енгізілді. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ, оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Шымкент қаласында бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

IT саласына қызығушылық артқан

Жалпы, қоғамда мықты маман болудың, өз кәсібін жете меңгерудің маңызы өте зор. Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету, кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру, оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Шымкент қаласында қазіргі уақытта 300-ден астам педагог-кәсіптік бағдар беруші 7-сыныптан бастап оқушыларға болашақ мамандықты таңдауға көмектесуде. Сонымен қатар, 40 (мемлекеттік – 12, жекеменшік-28) колледжде кәсіби бағдар берумен арнайы қызметкерлер айналысады. Оқушылар арасында кәсіптік бағдарлау бойынша диагностикалау жұмыстары қолға алынған.

Қалалық білім басқармасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе сапалы және тиімді кәсіптік бағдарлау шеңберінде жылдық жоспарлар түзіп, бірқатар іс-шаралар атқаруда. Мектеп оқушылары үшін кәсіпорындарға экскурсиялар, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, еңбек ардагерлерімен тұрақты кездесулер ұйымдастырылып жатыр. 2025 жылы да осы бағытта тиімді және нақты жұмыстар жүргізілуде. Ерте кәсіби бағдарлау жұмыстарының нәтижесінде қала оқушыларының Ақпараттық технологиялар (IT) саласына қызығушылығы артқаны анықталып отыр.

Қазақстанның IT саласы қаншалықты дамыған?

Көбі бұл салаға тиісті баға бермей жүр. Негізінде әлеует өте жоғары. Себебі IT сала қарқынды түрде дамып келеді. Сұраныс та жоғары.

Т.ҚАСЫМОВ
«Shymkent Kelbeti» газеті

x

Check Also

Қыркүйек – кибермәдениет айы

Интернет алаяқтарының айласы күн сайын жаңарып келеді. Жалған жарнама, күмәнді сілтеме, тіпті жасанды интеллект арқылы жасалған бейнероликтер де қылмыскерлердің құралына ...

Shymkent Creative Hub: Пространство, открывающее путь к искусству и творчеству

В настоящее время для людей, занимающихся творчеством, очень важно не только реализовывать свои идеи, но и обмениваться опытом, формируя новое ...