Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту және кәсіпкерлік нысандардың сыртқы көрінісін бір үлгіге келтіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, басқарма басшысы жауапты сала мамандарымен бірге Сайрам көшесі бойындағы кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нысан алдындағы аумақты абаттандыру және сыртқы бөлігін заманауи талаптарға сәйкестендіру міндеттерін түсіндірді. Бұл жұмыстар бекітілген бірыңғай эскиз негізінде жүзеге асырылады.
Аталған шаралар қала келбетін көркейтуге, сәулеттік үйлесімділікті қамтамасыз етуге және жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабы негізінде жауапкершілік қарастырылған.
Таза, үйлесімді әрі көрікті қала — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!