Кәсіби шеберлігін дәлелдеуге мүмкіндік берілді

WorldSkills TISK-2025 – студенттер мен жас мамандардың кәсіби шеберліктерін көрсетуге арналған байқау. Бұл байқау жастарға өз саласында жоғары деңгейге жетуге мүмкіндік береді және олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға жол ашады.

WorldSkills – халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған үлкен алаң.Бұл байқау студенттер үшін тәжірибе жинақтап, өз саласындағы ең үздік маман атануға мүмкіндік береді.

Түркістан индустриалды құрылыс колледжі де бұл байқауды өткізу арқылы студенттеріне өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби білімдерін арттыруға мүмкіндік жасады. Байқауға қатысушылар 7 бағыт бойынша бақ сынады. Оның ішінде құрылыс, автосервис, дәнекерлеу және басқа да маңызды мамандықтар бар. Бұл байқау студенттерге тек шеберліктерін көрсету ғана емес, сондай-ақ өздерін болашақтағы жұмыс нарығында қай бағытта дамытатындарын анықтауға мүмкіндік береді.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген бұл шаралардың мақсаты – жұмысшы мамандықтардың маңызын арттыру және жастарды еңбекқор, кәсіби маман болуға шақыру. Байқау барысында студенттер өзара тәжірибе алмасып, ең жақсы нәтиже көрсету үшін бар күш-жігерін салды. Мұндай іс-шаралар жастарды болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, ел экономикасының дамытуға өз үлестерін қосуға ынталандырады.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Өңірдегі оқу орындарының оқытушылары да өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыра түседі дейді.

Президент Жолдауында кәсіптік білім беру саласына реформа жасаудың өзекті екенін айтты. Бұл – ел экономикасының өсімін арттыруға және инвестиция тарту үшін жасалған аса маңызды қадам екенін жеткізді. Сондай-ақ, қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер жоғары бағалануға тиіс, деді. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын тағы бір мәрте еске салды.

Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған азамат қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы, деді Президент.

Президент 2025 жылды «жұмысшы мамандықтары» жылы деп жариялады. Сондықтан құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп сияқты кез-келген салада аянбай еңбек етіп жүрген жұмысшыларға көңіл бөлініп, мәртебесі артпақ.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ
«Shymkent Kelbeti» газеті

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...