“Енді базар емес, сауда үйі болады”: Әкім базарларды жаңғыртуды қолға алды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран ауданындағы «Автонұр» базарын аралап, өзекті мәселелерді назарға алды.

Қазіргі таңда базар аумағында жалпы ауданы 8000 шаршы метр жаңа сауда үйінің құрылысы жүріп жатыр. Жаңғырту жұмыстары аясында кәсіпкерлер осы заманауи нысанға көшіріледі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, 500 көлікке арналған автотұрақ пен кіреберіс жолдарды кеңейту көзделген. Бұл — базар маңындағы қозғалысты жеңілдетіп, келушілер үшін ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған ауқымды абаттандыру жобасының бір бөлігі.

Қала әкімі жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне барлық жұмыстарды үйлестіре отырып, сапалы әрі мерзімінде атқару жөнінде нақты тапсырма берді.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...