«Amanat» партиясы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге арналған қоғамдық қабылдау өткізді — Xnews — ақпарат агенттігі

«Amanat» партиясы азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге арналған қоғамдық қабылдау өткізді

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қаласындағы «Бадам-2» тұрғын алабында азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға партия филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, қалалық мәслихат депутаттары, Еңбекші ауданы әкімдігінің, аудандық прокуратураның және Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар инфрақұрылымдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көшелерге асфальт төсеу, көше атауларын өзгерту, қаңғыбас иттерді аулау, сондай-ақ жоғары кернеулі электр желілері өтетін бағаналарды көтеру және қоқыспен толып қалатын арық жүйесін мемлекеттік балансқа өткізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, тұрғындар елді мекенде көшелердің жарықтандырылуы мен балалар ойын алаңшаларының салынғанын оң өзгеріс ретінде атап өтті.

Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші жеке қаралып, жедел шешілуі мүмкін мәселелер бойынша нақты шаралар қабылданды. Ал уақыт пен қосымша зерделеуді талап ететін мәселелер хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынды.

Тұрғындармен тікелей кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, тиімді шешім қабылдау – «AMANAT» партиясының басты басымдықтарының бірі. Аталған жоба аясында халықтың өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.

Айта кету керек, 2025 жылдың басынан бері партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6 651 өтініш келіп түсті. Оның 78%-ы оң шешімін тапса, қалғандарына қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме жауаптар берілген.

x

Check Also

Голос народа — фундамент стабильности и развития

Арипджан ХАЛНАЗАРОВ, член президиума Шымкентского городского Совета ветеранов и председатель совета аксакалов ассоциации «Достык» узбекских этнокультурных центров Казахстана: — Формирование ...

Басты мақсат – сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ОСК төрағасы 2026 жылғы 23 ...