Абай болыңыздар: Жол-көлік оқиғалары жиілеген — Xnews — ақпарат агенттігі

Абай болыңыздар: Жол-көлік оқиғалары жиілеген

2025 жылдың 6 айында Түркістан облысы бойынша 579 (2024 жылы 6 айы — 472) жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,7%-ға өскен.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде  зардап шеккендер саны 29% — ға артты (673-тен 868-ге дейін), оның ішінде жарақат алғандар саны 25,8% — ға өсті (581-ден 731-ге дейін), қаза тапқандар саны 48,9% — ға өсті (92-ден 137-ге дейін).    

Ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелген аудандар, Жетісай — 89, Сайрам — 82, Түркістан қаласы — 71, Келес — 39, Түлкібас — 38, Арыс — 32, Төлеби — 31, Сауран — 27, Сарыағаш — 27, Шардара — 26, Ордабасы — 22, Созақ — 20, Кентау қаласы — 17, Отырар — 17, Бәйдібек — 16, Мақтаарал — 14, Қазығұрт – 11.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері әлі де жол қозғалысы ережелерінің сақталмауы болып табылады, соның ішінде белгіленген жылдамдықтың асыра орындалуы және жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі.

Құрметті облыс тұрғындары, қонақтар және туристер Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз.

Сондай-ақ, еліміздің жолдарындағы жол-көлік оқиғалары туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің «https//gis.kgp.kz» порталындағы «Авариялық карта» бөлімінен қарауға болатынын еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті

#Заң_мен_Тәртіп
#Закон_и_Порядок

Яндекс.Погода
x

Check Also

Түркістан облысындағы су айдындарында қауіпсіздік жұмыстары күшейтілді

Шомылу маусымы баталғанда ата-аналар балаларын қараусыз қалдырмау керек. Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында ...

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...