Түркістанда «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістанда «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті.

«Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды.

Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды.

Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан облысы АҚШ компанияларымен ынтымақтастықты нығайтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесті. Кездесуде өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, америкалық инвестицияны тарту, ...

Ордабасының мақтанышы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері!

Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Ордабасы ауданының тумасы Нұрғиса Әділетұлы күміс жүлдегер атанып, Қазақстан ...