Түркістанда «Таза қала – ортақ міндет» атты сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, Түркістан қаласында санитарлық тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында жалпы қалалық сенбілік өтті.

«Таза қала – ортақ міндет» атты ауқымды акция қаланың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған кең көлемді флешмобтан басталды.

Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер белсене атсалысты. Жалпы саны 1000-ға жуық қызметкер сенбілікке жұмылдырылды.

Қатысушылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Заседание постоянной комиссии областного маслихата по вопросам бюджета, экономики и сельского хозяйства

В связи с повесткой дня очередной семнадцатой сессии областного маслихата восьмого созыва, 20 июня 2025 года состоялось заседание постоянной комиссии ...

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Н.Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері, ...