Түркістан: Қуаңшылықтан туындайтын мәселелердің алдын алу жолдары пысықталды

«Қуаңшылықтан туындаған өзекті мәселелердің шешімі болуы керек». Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі жағдайды зерделеу барысында осылай деді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік әрекетсіз отырған жоқ. Қазіргі таңда мал азығының қорын қалыптастыру бойынша өзге облыстармен арнайы меморандум түзу шарттары қарастырылып, келіссөздер жүргізілуде.

Өңірдегі диірмендер 215 мың тоннаға жуық кебек өндіреді. «Бұл шаруашылықтардың қажеттілігін толық өтемейді», дейді мамандар. Нұрбол Тұрашбеков тасымал мүмкіндіктерін барынша қарастырып, пайдалану қажеттігін атап өтті.

– Табиғатқа, ауа-райына кінә артып, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әр ауданның сұранысы тиянақты зерттелуі тиіс. Қазан айына дейін малдың қыстық азығы дайындалып бітуі керек. Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, қадамдық жоспар түзуді тапсырамын, – деді облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Жиналыста әр басқармаға нақты тапсырмалар бекітіліп, орындау мерзімі нақтыланды. Аталған мәселе бақылаудан түспейтіні де ескертілді.

x

Check Also

Түркістан-Циндао бағыты: Ауыл шаруашылығындағы жаңа мүмкіндіктер мен инвестициялық серпін

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында 20-ға жуық жаңа инвестициялық жоба бойынша маңызды келіссөздер ...

Түркістан: Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарында салынып жатқан нысандардың құрылысы зерделенді

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш, ...