Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдегі елді мекендердің инфрақұрылымы жақсарды. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп, «сақалды құрлыс» мәселесі шешілді,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда орталықтандырылған ауыз су жүйесі мүлдем болмаған 30 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры салынып, 13 елді мекеннің тозығы жеткен су жүйелері жаңартылды. Нәтижесінде ауыз сумен қамтылған елді мекендердің жалпы саны 767-ге жетіп (2,1 млн. адам), қамту деңгейі 95,9%-ды құрады. Биыл қосымша 30 елді мекенге су құбырын тартып, 801 елді мекенді ауыз сумен толық қамтамасыз ету көзделуде.
Облыс көлемінде 2018-2024 жылдар аралығында табиғи газбен қамту мақсатында 115 нысанның құрылысы аяқталды. Газбен қамтылған елді мекендер саны 563-ке жетіп, қамту деңгейі 69,7%-ды құрады. Нәтижесінде «көгілдір отынға» 1,8 млн. адам қол жеткізді. Биыл қосымша 45 елді мекенді газға қосып, қамту деңгейін 75,3%-ға жеткізу көзделуде. Сонымен қатар 1 ғасырға жуық тарихы бар Кентау жылу орталығы 85 пайызға тозған болатын. Осыған орай, орталықты жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры жаңартылды.
2025-2027 жылдар аралығында мемлекеттік жеке меншік әріптестік арқылы газ турбиналы станцияның құрылысын жүргізу көзделуде. Инвестиция көлемі – 148 млрд. теңге. Жоба арқылы 240 Мвт электр, 160 Гкал/сағ жылу қуаты өндіріледі.
Биыл облыс аумағында 64 табиғи газ нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, 38 нысанның құрылыс жұмыстары осы жылы аяқталып, 34 елді мекен табиғи газға қосылады. Нәтижесінде жалпы табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны 597-ге жетіп, қамту деңгейі 73,9%-ды құрамақ.
Облыста жалпы электр энергиясына қажеттілік – 320 МВт, оның ішінде 80% сыртқы көздерден тасымалданады. Елді мекендердің 98% орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған 16 ауыл шалғайда орналасуына байланысты электр энергиясын өзге де қуат көздерінен (күн сәулесі панелі, дизелдьді генератор) алады. 44 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтылды. Биыл қосымша 93 елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз ету көзделуде.
Электр қуатының тапшылығын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, 1 000 МВт бу-газ қондырғы станциясын (ПГУ) салу арқылы шешу жоспарлануда. Бүгінде құрылыс жұмыстары басталған.
Облыс халқын сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасады.