Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірдегі 13 балалар сауықтыру лагерінде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сабақтар ұйымдастырып, өткізді

Сабақтар барысында балаларға келесі тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді: қаржылық алаяқтықтың түрлері, оның ішінде дропперлер мен қаржы пирамидалары; вейп қолданудың зияны, қауіпсіз қаржылық мінез-құлық негіздері,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, қызметтік иттерді қолдана отырып, есірткі заттарын анықтау және іздеу бойынша кинология қызметкерлерінің көрсетілімдері ұйымдастырылды. Демалушылардың қатысуымен спорттық жарыстар мен ойын-сауық шаралары өткізілді.

Іс-шараның жалпы қамтылуы – 3610 адамды құрады, оның ішінде балалар, тәлімгерлер мен ата-аналар бар. Қатысушыларға QR-кодтары бар 2060 ақпараттық брошюра таратылды.

Бұдан бөлек, «Қолынан келсе, мені алдап көр» тақырыбындағы қаржылық сауаттылыққа арналған балалар сурет байқауының қорытындысы бойынша 20 бала марапатталды, олардың 10-ы – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

x

Check Also

ҚР Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияға қосылуы

2025 жылғы 18 маусымда Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті Қазақстанды қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияға қосылуға шақыру ...

Қазақстанның Еуропа кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуы Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады

Еуропалық Конвенция Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекетті, сондай-ақ ұйымға кірмейтін төрт елді – Израиль, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Чилиді біріктіреді. ...