«Той думан fest» қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қаладағы Астана алаңында ең ауқымды мәдени іс-шара – «Той думан fest» фестивалі іс-шарасы өтті. Мерекелік концерт Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, қала күніне орай ұйымдастырылды.

Бұл фестиваль Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына ерекше қуаныш пен мерекелік атмосфера сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық рухты сақтауға қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға арналды.

Фестиваль аясында Қазақстан эстрадасының 100-ге жуық танымал әншілері мен жас орындаушылары бір сахнада бас қосты. Олардың қатарында елге кеңінен танылған жұлдыздармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас талантты өнерпаздар да бар.

«Той думан fest» — бұл әдеттегі концерттік бағдарламадан өзгеше, ел мәдениетінің ауқымын көрсететін және ұлттық рухты жаңғыртатын ерекше мәдени алаң. Кеште әртүрлі буындағы орындаушылар, этно-ансамбльдер, заманауи топтар, танымал дуэттер бір сахнада өнер көрсетті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Шымкент: Қала басшысы поляктың «Selena group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков поляктың «Selena Group» холдингі өкілдерімен кезекті рет кездесу өткізді. Әкім Компания президенті Славомир Майхровски ...

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...