Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды

2025 жылғы 19 маусым күні Шымкент қаласында Қала күніне арналған салтанатты іс-шаралар аясында үш жаңа өндіріс орны өз жұмысын бастады. Аталған кәсіпорындардың ашылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, жаңа жобалардың маңыздылығын атап өтті,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында екі өндіріс іске қосылды:
• «BIK Kanc» ЖШС — А4 және А3 форматтағы кеңсе қағазын өндіретін кәсіпорын. Жобаның жалпы құны 500 миллион теңгені құрайды. Зауыт жылына 3,5 миллион дана қағаз қаптамасын шығарып, 35 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
• ЖК «ZeineP» — жылына 10 мың тоннаға дейін дезинфекциялық құралдар өндіретін кәсіпорын. Мұнда 80 адам еңбек етеді. Өнімдер ішкі нарықпен қатар, ТМД елдеріне экспортталуы жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Жұлдыз» индустриялық аймағында орналасқан «Sauran Bricks» ЖШС-ның автоклавты газды бетон шығаратын зауыты пайдалануға берілді. Бұл жоба – Оңтүстік өңірді сапалы әрі қолжетімді құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр.

Жобаның жалпы инвестициялық құны – 7,8 миллиард теңге. Зауыт толық қуаттылыққа шыққаннан кейін үш ауысымда 150 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 200 мың м³ (күніне 555 м³ немесе айына 16 500 м³) өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру үшін «Жұлдыз» индустриялық аймағынан 5,2 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, өндірістік кешенге Қытайдың KEDA компаниясынан жеткізілген заманауи, автоматтандырылған құрал-жабдықтар орнатылған. Бұл өндіріс тиімділігін арттырып, шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз етуге жол ашады.

Аталған жобалардың іске қосылуы өңірлік экономиканың дамуына, құрылыс индустриясының жандануына, импортты алмастыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға елеулі үлес қосады.

x

Check Also

Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында Қала күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында ...

«Той думан fest» подарил жителям города праздничное настроение

На главной площади города — площади Астаны — прошел крупнейший культурный проект — фестиваль «Той Думан Fest». Праздничный концерт был ...