Шымкентте Қала күні кең көлемде аталып өтті

2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қала күніне орай салтанатты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға қала тұрғындары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты жиынды ашқан Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналған қауымды Қала күнімен құттықтап, қала дамуына қатысты маңызды мәлімдемелер жасады.

— Қадірлі қауым! Баршаңызды қала күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Шымкент ежелден Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет пен сауданың алтын көпірі болған. Бүгінде тоғыз жолдың торабында орналасқан қаламыздың стратегиялық маңызы артып, экономикалық әлеуеті жыл сайын нығая түсуде. Екі мың жылдан астам тарихы бар шырайлы шаһарымыз күн санап көркейіп, жаңаша даму жолына түсіп отыр. Қала тұрғындары әрдайым еңбекқорлығымен, кең пейілімен және бірлігімен ерекшеленеді. Қала күні – бабалар мұрасын ұлықтап, бүгінгі жетістіктерімізді дәріптейтін айтулы мейрам, – деді қала басшысы.

Сондай-ақ мерекелік кеш аясында Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдімәжитұлы мен қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов бірқатар азаматтарға «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады. Марапатталғандардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандық иелері және зиялы қауым өкілдері бар.

Аталған құрметке ие болған азаматтардың бірі – ауыл шаруашылығы саласында көп жылдық тәжірибесі бар зейнеткер Әбдіжәжит Бекмахамбетұлы. Ол өз сөзінде:

— 30 жыл бойы жеміс-жидек өсірумен айналысып, адал еңбектің дәмін таттым. «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын алу — мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген барша азаматтардың еңбегіне берілген баға деп білемін, – деді.

Айта кету керек, Қала күніне арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар Шымкент қаласының барлық аудандарында ұйымдастырылып, демалыс күндері де жалғасын тапты.

x

Check Also

Қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

2025 жылғы 19 маусымда Шымкент қаласындағы Қазақстан-Түркия достығы саябағында Қала күніне орай кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиын барысында ...

«Той думан fest» подарил жителям города праздничное настроение

На главной площади города — площади Астаны — прошел крупнейший культурный проект — фестиваль «Той Думан Fest». Праздничный концерт был ...