Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты — Xnews — ақпарат агенттігі

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 90%-дан асты

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Түркістан және Жамбыл облыстарында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта 15 өңірде итальялық прусқа және 8 өңірде азиялық шегірткеге қарсы күрес шаралары жалғасуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шекаралас аумақтардағы шегіртке ошақтары мен көршілес елдерден ұшып келу қаупіне байланысты тұрақты мониторинг жүргізілуде.

«Қытай мен Қырғызстан тарапынан қауіп жоқ. Ресей мен Өзбекстанмен шекаралас аймақтарда тексерулер жүргізіліп жатыр. Ошақтар анықталған жоқ. Көршілес елдердің мамандарымен бірлесіп зерттеу жұмыстары жалғасуда», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар штаб отырысында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Жалпы егіс алаңы 23,7 млн гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 15,6 млн гектарға, майлы дақылдар – 3,4 млн гектарға, жүгері – 168 мың гектарға, картоп – 127,8 мың гектарға, қант қызылшасы – 17,7 мың гектарға егілді.

Яндекс.Погода
x

Check Also

Зияткер ұрпақ – ұлт болашағының негізі

Қазіргі жаһандану дәуірінде елдің бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның адами капиталына, яғни білімді, зерделі әрі зияткер ұрпағына байланысты. Осы тұрғыда ...

Ғылым – ел дамуының стратегиялық тірегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткен салтанатты жиында отандық ғылым өкілдерін марапаттап, ғылымның қоғам мен мемлекет дамуындағы ...