Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды — Xnews — ақпарат агенттігі

Қазақстан мен ЭЫДҰ экономикалық реформаларды қолдау туралы келісімге қол қойды

Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуда жаңа кезеңін ашпақ, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Келісім сараптамалық қолдау мен тиімді экономикалық реформаларды әзірлеуге бағытталған серіктестікті бекітеді. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы катализатор болмақ.

ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі директоры Андреас Шааль Қазақстанға бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның әлемдік озық тәжірибелерді ілгерілетуге және Еуразия аймағында тұрақты экономикалық орта құруға ұмтылысын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті ол.

Астана халықаралық форумының «Building Economic Resilience» панельдік сессиясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік басқару, цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу реформаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Бұл жетістіктер халықаралық рейтингтердегі жоғары позициялармен расталып, Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретіндегі беделін нығайтады.

Яндекс.Погода
x

Check Also

В Туркестане развивается хлопково-текстильный кластер полного цикла

В Туркестанской области продолжается реализация крупных инвестиционных проектов. Аким области Нуралхан Кушеров встретился с инвесторами, реализующими проект «Туркестанский хлопковый агропромышленный ...

Түркістанда толық циклді мақта-тоқыма кластері дамуда

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жүйелі түрде жалғасып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасын ...