Президент: Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 89 мектеп салынып жатыр — Xnews — ақпарат агенттігі

Президент: Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 89 мектеп салынып жатыр

Мемлекет басшысы жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі шаралар қабылданып жатқанын атап өтіп, құқық қорғау органдарын түбегейлі өзгерістерге дайын болуға шақырды. Сондай-ақ туризмді дамыту, шетелдік қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау жүйесінің әлеуетін арттыру мәселелеріне баса мән берілетінін айтты.

«Жемқорлыққа қарсы күресу үшін нақты, жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Менің тапсырмаммен сот арқылы жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда. Үш жылдың ішінде 89 мектептің құрылысына 150 миллиард теңгеден астам қаражат берілді (соның ішінде 61 мектеп пайдалануға берілді).

Дегенмен қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайда жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізу үшін жаңа тәсілдер қажет. Біз қонақжайлық индустриясының әлеуетін мақсатты түрде нығайтып, туризмді дамытамыз және шетелдік қонақтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән береміз. 

Бүгінде Қазақстанға келген әрбір туриске әуежайдан қауіпсіздік жадынамасымен бірге мобильді байланыс пен базалық интернет пакеті бар жаңа сим-карта беріледі. 

Қазақстанды жайлы әрі қауіпсіз мемлекет ету – бәрімізге ортақ міндет. Біз азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғай білуіміз керек. Ел ішіндегі тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл – халықтың әл-ауқаты мен еліміздің табысты дамуына тікелей ықпал ететін фактор. Сондықтан біз бүкіл құқық қорғау жүйесінің әлеуетін арттыруымыз қажет. Осылайша, Қазақстан аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосатын ел ретіндегі мәртебесін нығайта бермек. 

Құқық қорғау органдары түбегейлі өзгерістерге дайын болуға тиіс. Түйткілдің бәрін жан-жақты ойластырып, жоспарлы түрде шешу қажет. Құзырлы органдардың негізгі мақсаты – нақты нәтижеге қол жеткізу», — деді Президент.

t.me/aqorda_resmi

Яндекс.Погода
x

Check Also

Президент: «В основе всех достижений человечества лежит труд ученых»

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на церемонии награждения ученых Уважаемые ученые! Уважаемые участники встречи! Поздравляю вас с Днем работников науки! ...

Президент: Біз бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзі Қадірлі қауым! Құрметті ғалымдар! Ең алдымен, Ғылым қызметкерлері күні баршаңызға құтты ...