Оркестрлер шеруі қала тұрғындарына мәдени демалыс сыйлады

Шымкент қаласының Наурыз алаңында республикалық Оркестрлер шеруінің салтанатты ашылуы өтті. Қала күніне орай 15 және 17 маусым күндері Наурыз алаңында еліміздің әр өңірінен келген классикалық, ұлттық және заманауи жанрдағы оркестр ұжымдары өнер көрсетеді.

Бүгінгі Оркестрлер шеруінің ашылу рәсіміне «Шымкент концерт» концерттік ұйымының Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі мен Шымкент қалалық Опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысып, қала тұрғындарына керемет мәдени демалыс сыйлады.

17 маусым күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақжауын» камералық оркестрі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Ш.Қажығалиев атындағы эстрадалық-симфониялық оркестрі, CDA Big Band джаз оркестрінің қатысуы жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек оркестрлер шеруі іс-шаралардың онкүндігі аясында өтіп жатқанын жеткізіп, қала тұрғындары мен қонақтарын керемет концерттерді тамашалауға шақырды.

Айта кетсек, республикалық Оркестрлер шеруін Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырды.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...