Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады — Xnews — ақпарат агенттігі

Олжас Бектенов Geo-Jade Petroleum басшысы Ван Вэньтаомен «Созақ» кен орнында газ өндіру жобасын жүзеге асыру барысын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Hong Kong Sino-Science Oil and Gas Co., Ltd. (Geo-Jade Petroleum)  компаниясының президенті Ван Вэньтаомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Жиында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық және күрделі жолмен алынатын газды өндіру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Аталған жоба Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүзеге асырылуда.  

Қазақстан энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты жалғастыруға және дәстүрлі емес ресурстардың әлеуетін ашуға мүдделі.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс топтары деңгейінде жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Анықтама: Geo-Jade Petroleum – Қазақстанда 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газды барлау және өндіру бойынша ірі қытайлық компания. Бұған дейін кәсіпорын Қазақстанда $3 млрд-тан асатын бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып, 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашқан.

x

Check Also

Социальная поддержка, экология и предпринимательство: главные темы агитационной кампании

В рамках предвыборной кампании политические партии продолжают проводить мероприятия в различных регионах страны. Встречи проходят с участием трудовых коллективов, представителей ...

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...