Мемлекеттік ту тұғырымыз

Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен – еңселі, Әнұранымен – айбынды. Бұл рәміздер аңсап жеткен тәуелсіздігіміздің төлқұжаты.

Бүгін аудан орталығы Темірлан аймағындағы мемлекеттік туымыз орнатылған Қарауылтөбе биігінде Мемлекеттік рәміздер күніне орай, арнайы «ту көтеру» рәсімі өтті.

Мерекелік шара әрбір қазақ азаматын «кең байтақ жеріне», «бірлігі жарасқан тәуелсіз еліне» деген мақтаныш сезімге бөлейтін мемлекеттік Әнұранмен ашылып, ел ағалары құттықтау лебізін жеткізіп, әскери шенділер салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтерді.

Мемлекеттік Рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстанымыздың даңқы арта берсін!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Түркістан қаласында “Бірлік” мөлтек ауданының арыз-шағымдары тыңдалды!

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар ...

Түркістан қаласы әкімінің халықпен кездесуі басталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала ...