Қуанышбекова Нұржамал Нұржігітқызы – тәжірибелі жоғары санатты аға мейірбике, өз ісінің нағыз шебері,-деп хабарлайды Xnews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
1997 жылы Шымкент медицина колледжін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын облыстық эндокринологиялық диспансерде мейірбике ретінде бастады. 2000 жылы жаңадан ашылған облыстық кардиологиялық орталыққа ауысып, №3 кардиология бөлімшесінің аға медбикесі болып тағайындалды. 2009 жылы кардиохирургия бөлімінің ашылуына байланысты анестезиология, қарқынды терапия және реанимация бөлімінің аға медбикесі лауазымына көшірілді.
2021 жылы мекеме «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ ретінде қайта құрылғаннан кейін де, осы орталықта 25 жылдан астам уақыт үздіксіз қызмет атқарып келеді.
2022 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан» «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша академиялық дәрежесін алды. Мейірбикелік іс бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәлімгерлік қызмет атқарады.
Нұржамал Нұржігітқызы – өз қызметіне адал, ұқыпты, тиянақты, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. Бастаған істі аяғына дейін жеткізетін табандылығы, ұжым ішіндегі беделі, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуы – оның кәсібилігін дәлелдейді.
Марапаттары:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы;
— «AQNIET» салалық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы;
— КЕАҚ «Шымкент жүрек орталығының» Құрмет грамотасы.
Қуанышбекова Нұржамал – мейіргерлік істің барлық талаптарын жетік меңгерген, білікті, тәжірибелі, өз ісіне жан-тәнімен берілген мейірбике.