Ізденімпаз ұстаздың ізі – шәкірт жүрегінде

Білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, шығармашылықпен жұмыс істеп келе жатқан білікті педагог – Алмаганбетова Света Мінсізбайқызы. Ол 1970 жылдың 4 ақпанында Қызылорда облысы, Арал қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021 жылы Орталық Азия Инновациялық университетінен педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленді.

Света Мінсізбайқызы – еңбек жолын 1991 жылы бастап, бүгінде 33 жылдық педагогикалық өтілімен тәжірибелі, шығармашыл ұстаз ретінде танымал. 2020 жылдан бері Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Білім мен біліктілікті басты ұстаным еткен ұстаз шәкірттерін тек сапалы білімге ғана емес, адамгершілік пен еңбексүйгіштікке де тәрбиелеуде. Оның сабағы – баланың жан-жақты дамуына, қызығушылығы мен шығармашылығын ұштауға бағытталған. Әр сабағын ойын элементтерімен түрлендіріп, баланың танымдық қабілетін оятуға баса назар аударады.

Света Мінсізбайқызы – өз кәсібіне адал, үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашыл педагог. Заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, жаңа буынды сыни ойлауға баулып, олардың жеке бейімділігі мен дарындылығын дамытуда зор үлес қосуда.

Ол – тек мұғалім ғана емес, жас ұрпақтың жүрегіне білім шуағын сепкен, еліміздің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік беретін шынайы рухани жетекші.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...