Ерлікке тағзым: Түркістан облысында полиция гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді

Түркістан облысы полиция департаментінде ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

✅Айта кетсек, Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 60-тан астам полиция қызметкері қаза тапқан. Олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жиналғандар жұлдызы ерте сөнген әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Полицей болу– күнде жұмысқа шығарда алдыңда не күтіп тұрғанын білмейтін қиын да қауіпті салалардың бірі. Соған қарамастан ел қорғаны болған азаматтар қашанда берген анттарына адал болып, мінсіз қызмет етуде.

☝Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді. Олардың ерлігі мен қаһармандығы еліміздің жас ұрпағына лайықты үлгі!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

В Туркестанской области полиция провела церемонию возложения цветов

⚜️Сегодня в департаменте полиции Туркестанской области состоялось торжественное возложение цветов к мемориалу погибшим сотрудникам. Этот памятник установлен в честь тех, кто пожертвовал своей жизнью, выполняя служебный долг.

✅За годы независимости в регионе при исполнении обязанностей погибло более 60 полицейских. Их самоотверженность и героизм навсегда останутся в памяти людей. Присутствующие возложили цветы к мемориалу и почтили память погибших минутой молчания.

Служба в полиции — это не просто работа, это призвание. Каждый день полицейские сталкиваются с неизвестностью и опасностью. Но они остаются верны своей присяге и безупречно выполняют свой долг.

☝Борьба с преступностью и поддержание порядка — это их главная задача. Память о героях живет в наших сердцах. Пусть их мужество вдохновляет молодое поколение нашей страны!

Пресс-служба ДП Туркестанской области

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...