2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайған — Xnews — ақпарат агенттігі

2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайған

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ қызметкерлерін Полиция күнімен құттықтау салтанатты жиынында айтты.

«Соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық.

Мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткіздік.

2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз».

t.me/aqorda_resmi

x

Check Also

Жол апаттары азайғанымен, балалар өлімі алаңдатып отыр

2026 жылдың 10 айында Түркістан облысы бойынша 993 (2025 жылдың 10 айында — 1032) жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың ...

Электр энергетикасы – жаңа дәуірдің қозғаушы күші

Қазіргі әлем электр энергиясы экономикалық және технологиялық дамудың негізгі ресурстарының біріне айналған кезеңге қадам басты. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі, цифрландыру, жаңа ...