Ауданымызда ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын-алу мақсатындағы зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жалғасуда.
Арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылған бұл шаралардың нәтижесінде бүгінге дейін жалпы көлемі 11 000 гектарға жуық жерге химиялық өңдеу жасалды. Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары зиянкестер толық жойылғанша жүйелі түрде жалғаспақ.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі