Ұстаз болу — жүректің ісі

Мектептегі басты тұлға мұғалім екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайтындығын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, мұғалім біліктілігі, бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады.

Сондай жандардыі бірі, Қазақ білім беру саласында өзінің айшықты ізі бар ардақты ұстаз – Қабашева Күләсия Болатбекқызы. Ол – орыс тілі пәнінің білікті де білімді маманы. Ұстаздық жолындағы 35 жыл ішінде сан мыңдаған шәкірттерінің жүрегінен орын алып, олардың биік белестерді бағындыруына себепкер болды.

Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі байқауларда жеңіс туын желбіреткен шәкірттерінің әрбір жетістігі – Күләсия апайдың өлшеусіз еңбегінің айғағы. Оның жетекшілігімен Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық жарыста шәкірттері 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, білім биігін бағындырды. Сонымен қатар, оқытқан сыныптарының 100% мемлекеттік грант иегері атануы – ұстаз шеберлігінің тағы бір дәлелі.

«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері, кең жүректі, мейірімі мол, әр оқушыға аналық мейіріммен қарайтын Күләсия Болатбекқызы – нағыз педагогтың жарқын үлгісі. Ол шәкірттерін білімге баулып қана қоймай, өмірге деген құштарлыққа, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеп келеді.

Осындай салиқалы ұстаздың өнегелі өмір жолы – кейінгі жас мамандар үшін бағдаршам іспетті.

x

Check Also

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен студенттер арасында ашық диалог өтті

Шымкентте құқық қорғау органдары өкілдері мен жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйым жетекшілері арасында құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында кездесу өтті. Шараға ...

Шымкентте мұғалімдер жасанды интеллект құралдарын меңгерді

AMANAT партиясының бастамасымен елімізде білім беру саласын цифрландыру және педагогтердің жасанды интеллект құралдарын меңгеруін күшейту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. ...