ҰЭМ: жыл басынан бері 586 млрд теңгеден астам қаржы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру мен бизнестің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатын іске асыру мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп, 2025 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4 898 жобаға 586 млрд теңгеге қолдау көрсеткен.

Бұрын айтылғандай, ағымдағы жылғы сәуірде «Даму» қоры арқылы кепілдік беру қорлары жұмысын бастады. Мұның біріншісі 7 млрд теңгеге дейінгі шағын және орта бизнес жобаларына, екіншісі 7 млрд теңгеден асатын ірі жобаларға арналған.

Бүгінгі таңда 8 банкпен келісім жасалған. Кепілдік қорына алғашқы 537 млн теңге жарнаны Freedom Bank салып отыр. Сонымен қатар, Halyk Bank, ForteBank пен Банк Центркредит банкі тиісінше 2 млрд, 1,8 млрд және 1,6 млрд теңгеден үлес қоспақ.

ШОБ-қа арналған Кепілдік қоры ашылғаннан бері 230 жобаға 27,7 млрд теңге несие берілген. Бұл ретте кепілдік сомасы 13,9 млрд теңге. Жобалардың 70%-дан астамы жаңа өндірісті іске қосуға, жабдық сатып алу мен құрылысқа, инвестициялық мақсатқа арналған. Ең көп қолдау көрсетілген, шамамен 40% өтінім өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Сондай-ақ, көлік және логистика, денсаулық сақтау мен білім беру саласында да сұраныс жоғары деңгейде.

Кепілдік беру бойынша 2025 жылдың басынан бері «Даму» қоры жалпы сомасы 256 млрд теңге, жалпы кепілдік сомасы 178 млрд теңгеге 2 017 жобаға қолдау көрсетті.

Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудан ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен несие беруге көшу шеңберінде биыл қаржы көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен үш еседей артық. Сондай-ақ, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,6% жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Ол бойынша өңдеу өнеркәсібі, туризм, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және логистика сияқты басым сектордағы жобаларға қаржы бөлінеді.

Бүгінде қолданыстағы жеңілдікпен несие беру бағдарламасына сай, 755 жобаға 53 млрд теңге қолдау көрсетілген.

Бұл ретте микро және шағын бизнеске берілетін 200 млн теңгеге дейінгі несиенің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сақталады. Осы арқылы экономиканың басым саласындағы шағын кәсіпорындарға көмек жасалмақ.

Бүгінгі таңда сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша 2 126 жобаға 276 млрд теңге берілді. Қаражаттың негізгі бөлігі бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде басым саланы қолдауға жұмсалды: өңдеу өнеркәсібіндегі 595 жобаға 90,8 млрд. теңге, көлік және қоймалауда 576 жобаға 52,8 млрд.теңге, білім беруде 158 жобаға 28,5 млрд. теңге несие бөлінген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

x

Check Also

В Шэньчжэне подписано стратегическое соглашение для привлечения китайских инвестиций в зелёные проекты Казахстана

В городе Шэньчжэнь между НАО «Международный центр зелёных технологий и инвестиционных проектов» (МЦЗТИП) и Китайско-Евразийским деловым советом (CEBC) подписано стратегическое ...

Шэньчжэнде Қазақстанның жасыл жобаларына Қытай инвестицияларын тарту үшін стратегиялық келісімге қол қойылды

Шэньчжэнь қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ мен Қытай-Еуразия іскерлік кеңесі (CEBC) арасында Қазақстандағы экологиялық жобаларға қытай ...