Түркістаннан шыққан Ұлы Отан соғысының батырлары: Анарбай Мырзахметов

Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас ауылында Ұлы Отан соғысында ерліктің үлгісін көрсеткен абыз ақсақал тұрады.

Ол 1926 жылы Жаңатұрмыс колхозында дүниеге келген. 1944 жылы 18 жасқа толғанда әскер қатарына шақыртылып, Семей қаласында әскери дайындықтан өтіп, Белорусь майданына жөнелтілген. Батыр жауынгер 1-пулеметшілер құрамында, атақты маршал Г.Жуков басқарған әскердің сапында шайқасқан. Ол — Анарбай Мырзахметов.

Майдангер алғашқы ұрысын Польша жерінде бастап, Варшаваны азат ету операцияларына қатысқан. 1945 жылдың мамырында Беларусь фронтының жауынгері ретінде Эльба өзеніне жетіп, Магдебург пен Бланкенбург қалаларын азат етудегі ауыр шайқастарда ерлік көрсеткен. Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған Анарбай ақсақал 1946 жылға дейін Германияда әскери міндетін атқарған. Кейін 1948 жылы Иванов қаласында әскери борышын толық аяқтап, 1950 жылы елге оралады.

Соғыстан кейін бейбіт өмірге араласып, жүргізуші, кейін ферма меңгерушісі қызметін атқарған. Жұбайы Шәман Мырзахметовамен бірге 10 ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде 47 немере, 93 шөбере және 2 шөпшек сүйіп отыр.

Анарбай Мырзахметов — «Берлинді алғаны үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Түркістан: Шардарадағы жүгері өңдеу зауытында 500-ден аса жұмыс орны құрылады

Облыс көлемінде өңдеу өнеркәсібі ұдайы даму үстінде. Бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асса, енді бірі ашылуға жақын. Соның бірі – ...

Туркестан: Пляжи в Шардаре приведены в порядок, туристам предоставляются качественные услуги

С начала купального сезона на пляжных территориях Туркестанской области усилили меры безопасности и чистоты. На пляжах в Шардаре устранили раннее ...