Түркістандық шахматшы ел чемпионы атанды — Xnews — ақпарат агенттігі

Түркістандық шахматшы ел чемпионы атанды

Алматы қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ауқымды турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам жас шахматшы қатысып, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалы мен Азия чемпионатына жолдама үшін бақ сынасты.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турдан тұрды және 60 минут+30 секундтық уақыт форматы бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылардың әрқайсысы шеберлігі мен ойлау жылдамдығын танытып, тартысты бәсекеде өз мүмкіндіктерін көрсетті. Аталған жарыста Түркістан қалалық Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының намысын қорғаған шахматшы Әсия Асылхан жоғары деңгейде ойын көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. Осылайша, ол 2025 жылғы 20 мамыр мен 2 шілде аралығында өтетін ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кету керек, Әсия Асылхан – Түркістан облысы тарихында шахмат спортынан спорт шебері атанған алғашқы жас спортшы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Әлеуметтік қолдау, экология және кәсіпкерлік: сайлауалды үгіт-насихаттың басты тақырыптары

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара өткізіп жатыр. Кездесулерге еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар ...

Пробежки, дебаты и разговор без галстуков: как проходит предвыборная гонка в Казахстане

Пока одни выходят на пробежку, другие устраивают общественные слушания, отправляются в села, обсуждают проблемы бизнеса или встречаются с семьями, воспитывающими ...