Түркістан музыкалық драма театрында Абай мұрасына арналған «Қара сөз» пластикалық спектаклі сахналанды. Қойылым — қазақ даласының кеңдігін, көшпенділердің философиялық ой-өрісін, халықтың болмысын жаңа қырынан танытады.
Жаңа қойылымнан әсер алған түркістандық театрсүйер қауымның ықыласы ерекше болды. Қойылымнан соң премьераға келушілер шығармашылық топқа алғыстарын білдірді.
Айта кетейік, қойылымның қоюшы режиссер және көркемдік жетекшісі Мадина Мұратбекова, либретто авторы – Анель Ислямова, композиторы – Хамит Шанғалиев және балетмейстерлер – Анна Цой, Әділет Таменов мен Аида Жақсылықова.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі