Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында өткізілген тазалық шарасына Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен 6 сектордың қызметкерлері, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің өкілдері белсене атсалысты.

Жалпы саны 800-ге жуық тұрғын сенбілікке қатысып, қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, тазалық жұмыстарына 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында экологиялық тұрғыдан маңызды саналатын 18 учаске қамтылып, оның ішінде Водоканал маңы, Б.Майлин көшесі, Қалалық балалар ауруханасының аумағы, 160-квартал және Бекзат секторы сияқты аумақтарда санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Алдын ала белгіленген аймақтарда шөп шабу, жаяу жүргіншілер жолдарын сыпыру, тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтарын жинау сияқты жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, арнайы полигондарға жеткізілді.

Сонымен қатар, А.Жангелдин, Б.Майлин, С.Жандосов көшелерінде де санитарлық тазалау іс-шаралары ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер тарапынан қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту және қала аумағында санитарлық талаптарды сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

x

Check Also

Созақта шегірткеге қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Созақ ауданында жылдағы дәстүрге сай шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары басталды. Бүгінде Жартытөбе ауылдық округіне қарасты «Таскөмірсай» маңындағы егістік алқабында ...

Кентаулық дзюдошылар республикалық турнирде топ жарды

Алматы қаласында 2010-2011, 2013-2014 және 2015-2016 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан “Бейбарыс Сұлтан” атты республикалық турнир өтті. ...