Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын және облыстық басқармалар мен департамент қызметкерлері белсенді қатысты. Сенбілікке жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлесін қосты. Сонымен қатар, сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды.

Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабында шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

x

Check Also

Бірлік секторында инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобалары іске асуда

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықпен көшпелі кездесуін Бірлік секторының тұрғындарымен өткізді. Кездесу Ө.Жәнібеков атындағы №27 жалпы орта мектепте ...

Түркістан облысында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Республика көлемінде 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің ...